Шайтан не үшін жаратылған? Жаратушы Хақ шайтандар мен жамандықтарды не үшін жаратқан? Жамандықты жарату – жамандық. Бұрыс нәрселерді жарату да, бұрыс емес пе?

НУР ФЕЙЗ FM show

Summary:
Жауап:  Мүлде  олай  емес!  Жамандықтың  жаратылуы  жамандық  емес, жамандық істеу жаман. Жарату мен жасау барлық нәтижелерін қамтиды. Ал  бір  нәрсені  істеу  әркімге  жеке  іс  болғандықтан  өзіндік  нәтижелерге қарайды. Мысалы, жаңбырдың жаууы өте көп нәтиже береді. Бәрі де жақсы. Біреу  өзінің  орынсыз  әрекетімен  жаңбырдан  зиян  шексе,  жаңбырдың жаратылуы мейірімсіздік дей алмайды. Жаңбырдың жаратылуы жамандық деген үкім шығара алмайды. Өзінің теріс әрекетінің кесірінен сол ғана зиян шекті. Оттың да сондай көп пайдалары бар. Бәрі де жақсы. Алайда, адам өз қателігінен оттан зиян шексе, отты жарату жаман дей алмайды. Өйткені от тек қана соны күйдіру үшін жаратылмаған. Ол өзінің олақтығынан, ас пісіретін отқа қолын тығып, өз қызметшісін өзіне жау етіп алды.

Толық жауап: https://rebrand.ly/mektubat

Мектубат кітабі,40-бет

12-мектуб,2-сұрақ